Түркістан
EN

Нұртас Оңдасыновтың туғанына – 120 жыл

638
14.08.2024

 Француздарда: «Ақындар провинцияда туып, Парижде өледі» деген сөз бар. Сол айтылғандай алақандай ғана ауылда туып, сонау Мәскеуде көз жұмған қазақ ұлыларының бірі – Нұртас Оңдасынов. Ақ-қараны анықтамай, талай қыршынды қынадай қырып кеткен 1937 жылдың соңына қарай бар-жоғы 34 жасында Қазақ Үкіметінің тізгінін ұстап, оны 13 жыл басқарған тұлғаның туғанына биыл 120 жыл. Осыған орай біз Түркістан қаласының іргесінде тұрған Нұртас Дәндібайұлының ауылына барып, мерейтойға дайындық барысын біліп, жалпы ауылының жағдайын біліп қайтуды ұйғардық.