Түркістан
EN

Тауар айналымы 370 млн. долларға жеткен

62
14.08.2024

Қазақстанның Таиландпен тауар айналымы 370 млн АҚШ долларына жетті. Отандық өнімнің экспорты да ұлғайып, 55 млн 300 мың долларды құраған. Қазақстан экспорт көлемін жүзден аса тауар түрі бойынша 900 млн доллардан асыруды жоспарлап отыр. Бұл – металлургия өнеркәсібі, химия және мұнай, минералды ресурстар, ауылшаруашылығы тауарлары: оның ішінде бидай, тыңайтқыштар мен мал азығы бар. Бүгін екі елдің сауда министрлері кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.