Инстаграм арқылы алаяқтық жасаған күдікті ұсталды. 28 жастағы ер азаматты сайрамдық полицейлер қолға түсірген. Ол тұрғындарды әлеуметтік желідегі жалған интернет дүкен парақшасы арқылы алданған. Нақтырақ айтсақ, күдікті 4 кісіге үй жиһазын жеткізетінін айтып, сенімдеріне кірген. Ол үшін алдын-ала төлем жасауын сұраған. Тұрғындардан қаржыны алғаннан кейін сол күйі кері байланысқа шықпаған. Жәбірленушілерге жалпы соммасы 1 млн 200 мың теңге шығын келтірген. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өткізілді.