Түркістан
EN

Маңғыстауда асыл тұқымды ешкілерді қаңғыбас иттер қырып кетті

164
14.08.2024

 Маңғыстау облысында асыл тұқымды ешкімен шаруасымен айналысып отырған кәсіпкер бір түнде қыруар шығынға ұшырады. Құны қымбат 40-қа жуық ешкісін қаңғыбас иттер тамақтарынан жарып, жансыз етіп кеткен. Ал, шала жансар санаулысын кәсіпкер сойып үлгеріпті. Енді нәпақасын асыл тұқымды ешкінің өнімінен тауып отырған бүтін бір отбасы, иттің де көзін құрта алмай, шарасызбыз дейді. Ал әкімдік оқиға болған күні төбе көрсетіп, суретке түсіріп кеткеннен мол кетіпті.