Елімізде пневманияға шалдыққандар көбейіп барады. Биыл 6 айдың өзінде оны елу мыңға жуық тұрғын жұқтырып үлгерген. Ал өткен жылы көрсеткіш 19,2 пайызға аз еді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Пневмонияға шалдыққандар арасында Омикрон JN.1. штампы кең тараған. Ақ халаттылар «Жұқпалы аурудың бұл түрін қоғамдық денсаулық сақтау үшін жоғары қауіп төндірмейді. Сондай-ақ аурудың аса ауыр ағымын тудырмайды»,-деп отыр. Деседе ол тез таралатын көрінеді.