Құрылыс қарқыны жақсы, бірақ кемшіліктер жоқ емес. Түркістандағы "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ошағының құрылысымен танысқан мәжіліс депутаты Ерлан Абдиев осылай деді. Мәжілісмен мектеп атына заты сай, яғни оқушыларға жайлы болу керектігін айтты. Жалпы жобаның кейбір тұстары өзгеріске ұшыраған. Мәселен, бастапқыда 2 жедел саты қарастырылса, бүгінде оның біреуін қысқартып тастаған. Халық қалаулысы 2000 мың бала оқитын білім ошағына бұл жеткіліксіз дейді.