400 мың теңгеге адамды сатпақ болған. Түркістан облысында адам саудасымен айналысқан тұрғын ұсталды. Ол соңғы екі жыл бойы мүмкіндігі шектеулі 2 азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп келген. Содан соң оларды 400 мың теңгеге сатпақ болған. Күдікті Шымкент қаласында ұсталды. Қазір адам саудасы дерегі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.