Түркістанда су тасқынына қарсы дайындық барысы пысықталды. Аталған бағыттағы шаралар аймақ басшысы Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде талқыланды. Облыс әкімі жауаптыларға өздеріне жүктелген міндетті уақытылы орындап, апаттың алдын алу жұмыстарын ширатуды тапсырды. Айта кетсек аймақта тасқынға қарсы 110 мың дана қап, 8 мың тонна жанар - жағар май қоры мен тұрғындарға қажетті тамақ өнімдерін әзірлеу бойынша меморандум жасалған. 296 дана техника әзірленген.