Түркістан
EN

Астаналықтар Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбайды қарсы алды

56
12.08.2024

 Париж Олимпиадасында бокстан топ жарып, көк туымызды желбіреткен спортшы Нұрбек Оралбай елге оралды. Боксшыны қарсы алуға Астана әуежайына туыс-туғандары мен жанкүйерлері жиналды. Еске сала кетейік, бокстан ерлер арасында 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Ол финалда украиналық Александр Хижнякпен жұдырықтасып, жеңіліп қалды. Нұрбек Оралбай өзін зор құрметпен қарсы алған халқына алғысын айтып, келесі Олимпиадада алтын алуға уәде берді.