Елімізде баспанаға сұраныс күрт артты. Мамандар жазда адамдардың үй мәселесін реттеуі заңдылық дейді. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, биыл шілде айында 40 099 тұрғын үй сатып алуға ниет білдірген. Оның 9126-сы жеке тұрғын үй болса, 30 973-і көпқабатты пәтер. Өткен аймен салыстырға тұрғын үйді алып-сату көрсеткіші 21,7 пайызға өскен. Алғашқылар қатарында, Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы тұр.