Түркістан
EN

Шөп тиелген жүк көлігі түгі қалмай өртеніп кетті

100
12.08.2024

Aл Сайрам ауданында шөп тиелген жүк көлігі түгі қалмай өртеніп кетті. Тұрғындар өртті өз бетінше сөндіруге тырысқан. Алайда қызыл жалынға төтеп бере алмайтындарын түсінген кезде ғана төтенше жағдайлар қызметіне хабарлама жіберген. Мамандар оқиға орнына жедел келіп, өртті толығымен сөндірді. Бірақ тілсіз жаудың кесірінен жүргізуші қолын күйдіріп, көліктен түк қалмаған. Сондықтан төтенше жағдайлар министрлігі өрт болған жағдайда дереу "112" немесе "102" нөмірлеріне қоңырау шалу қажет екенін еске салады!