Шаруаның ала жаздай еңбектенген 120 тонна шөбі өртеніп кетті. Есік алдында жатқан сегіз мың бума шөпті шарпыған жалынның неден тұтанғаны белгісіз. Оқиға Түркістан облысы Бәйдібек ауданында болған. Өрт 17. 15 те тұтанып, 18: 58 де, яғни екі сағатқа жуық уақытта ауыздықталды