Биыл бір дәптердің бағасы – 21 теңге. Бұл Түркістан қаласындағы базар нарқы. Алайда оқушы мектепке жалғыз дәптермен бармайды ғой. Ендеше, киім-кешек, оқу құралдары бәрін қосқанда орта есеппен бір балаға қанша кетеді? Көпбалалы отбасылар жаңа оқу жылында не істейді?