Құрылыс индустриясы - ел экономикасының негізгі қозғаушы күші! Сондықтан мемлекет бұл саланың дамуына ерекше көңіл бөліп, тамыз айының екінші жексенбісін «Құрылысшылар күні» деп белгілеген. Жауапкершілігі жоғары салада өз ісін шын сүйетіндер ғана қызмет етеді. Мәселен Түркістандық Қанат Нұрмышев саналы ғұмырын құрылыс алаңында өткізген жан. Бүгінде облыс орталығына айналған шаһардың көркеюіне өз үлесін қосып, тынымсыз еңбек етіп жүр.