Түркістанда қазақша күрестен халықаралық турнир өтеді. Байрақты бәсеке Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына арналып отыр. Ересектер арасында өтетін жарысқа көршілес Ресей, Өзбекстан , Қырғызстан, Тәжікстан Республикаларының балуандары, Қазақстанның 16 өңірінің жеке құрамалары келеді. Жалпы саны 280 спортшы қатысады деп күтілуде.
Сайыс 25 қараша күні басталып, екі күнге созылады. Керуен сарайда орналасқан Арена көпсалалы кешенінде өтеді. Көрермендер Қажымұқан Мұңайтпасовтың музейін тамашалай алады. Сонымен қатар турнирдің ашылу салтанатында күш атасына арнап жарық көрген кітап пен бейнефильмнің де таныстырылымы өтпек.