Сондай-ақ, кездесуде қос мемлекет басшылары Астанада Әлішер Науаидің ескерткішін салтанатты түрде ашты. Қасым-Жомарт Тоқаев елордада бой көтерген нысанның маңызына тоқталды. Тұлғаның тұғырға қонуын қазақ пен өзбек ұлты арасындағы ерекше ықыластың белгісі екенін айтты. Сондай-ақ мемлекет басшысы түркі әдебиетінің көкжиегін кеңейтіп, оны әлемдік деңгейге көтерген Әлішер Науаи еңбектерін қазақ халқының көрнекі қайраткерлері жоғары бағалайтынын жеткізді.