Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Ақорда» резиденциясында қарсы алды. Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, екі мемлекеттің әнұраны шырқалды. Екі ел басшысы шағын құрамда кездесу өткізіп, келіссөз жүргізді. Кеңес отырысында екі елдің сауда-экономика, көлік-транзит, су шаруашылығы және энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын кеңейтудің басым бағыттары талқыланды.