Түркістан
EN

Алматылық оқушы NASA-да

117
08.08.2024

Қаршадай оқушы қыз NASA-да халықаралық тағылымдаманы аяқтады. Сымбат Барсағазы - Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оныншы сынып оқушысы.  Екі апталық тағылымдамада Сымбат Марсқа басқарылатын миссияны жобалау командасында жұмыс істед. Жоба құрды, ғарыш орталықтарына барып, ғарышкерлері мен инженерлерге өз идеясын айтты. Оқушыға әсіресе "Аполлон" кезінде қолданылған миссияларды басқару ғимараты ұнаған. NASA-да ол 50 жылдан астам жұмыс істеген аэроғарыш инженері мен сарапшысы Том Санзонмен танысқан. Болашақта Сымбат осындай білім беру бағдарламаларына қатысуға және АҚШ-тың басқа қалаларын көруге ниетті. Ол сондай-ақ NASA тағылымдамасына ментор мәртебесінде қайта оралуға бел байлаған.