Түркістан
EN

Шілденің соңы аптап ыстық: көлеңкенің өзінде 40 градустан асады

108
08.08.2024

Қырық күн шілденің шығар тұсы күн қырық градустан жоғары  боп тұр. Әсіресе, бүгін ерекше ыстық. Таңғы 9-дың өзінде Түркістанда күн райы 38 ді көрсетсе, шаңқай түске қарай термометр бағаны 42 ге жетті.  Алайда оның әсері 45 градустан да асады. Себебі үп еткен жел жоқ, күн тымырсық. Адамдар қолшатыр ұстап, көзілдірік тағып, бас киім киіп, тіпті кейбірі киімін дымқылдап алған. Балалар жағы су, фонтан жағалап жүр. Құстарға дейін ауық-ауық тұмсығымен су ішіп кетіп жатыр. Осыған дейін біз биыл соңғы 60 жылда болмаған ыстықтың болатынын мәлімдеген едік. Климат ісіне мониторинг жасайтын қызмет мұны растап, осы шілде 1940 жылдан бергі ең ыстық ай деп мәлімдеді.