Түркістан
EN

Бес діни пансионат жабылды

100
07.08.2024

Маңғыстау облысында заңсыз жұмыс істеген 5 діни пансионат жабылды.  Облыстық прокуратураның хабарлауынша, олар Мұнайлы ауданында, Жаңаөзен қаласында, Қарақия және Түпқараған аудандарында балаларға лицензиясыз білім берген. Барлық пансионат бойынша тәрбиеленушілердің діни әдебиеттерді пайдаланғаны және басқа да заң бұзушылық фактілері анықталған. Бұдан бөлек, қайырымдылық мекемелерінің білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы жоқ болып шыққан. Осылайша балалардың білім, тәрбие және уақтылы медициналық көмек алу құқықтары мен бостандықтары бұзылған.