146 млн теңге салық төленбеген! Біртұтас ел емес, бұл - тек Түркістан облысы бойынша ғана 4541 азаматтың қарызы. Бүгін Мемлекеттік кірістер басқармасы мен Ішкі істер бөлімі, жеке сот орындаушылармен бірігіп рейд жүргізді. Бас-аяғы бір сағатқа жуық уақыттың өзінде 15 көлік тоқтатылып, оның 13-іне ескерту жасалды. Ал ең қызығы, аса ірі көлемде салық берешегі бар азамат анықталды. Бір басында үш көлігі бар азамат мемлекетке 2,5 млн теңге қарыз екен. Оның көлігі бірден айыптұрағына қойылды. Жалпы рейдтік іс-шара аптасына 3 рет тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бір күннің өзінде айыптан жалтарған азаматтың 104 439 теңгесі төленіп, 1 көлік айып тұрағына қойылды.