Түркістан
EN

Жол жөндеуге 37 млрд теңге бөлінді

92
07.08.2024

Биыл Түркістан облысында жол жөндеуге 37 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражаттың есебінен аймақтағы 1100 шақырым жол мен көше жөнделмек. Жауаптылар жыл соңына дейін оның жартысын, яғни 540 шақырымнан астам жолды аяқтаймыз деп отыр. Сондай-ақ көктемгі тасқын кезінде Сауран ауданындағы су шайған 2 көпір де елеусіз қалған жоқ. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының айтуынша, апатты жағдайдағы көпірлер қайта қалпына келтіріліпті. Оған қоса өңірдегі өзге 7 көпір де жөндеуден өтпек. Бұл көпірлер көлік қатынасы үшін өте маңызды.