Әлем елдерінде Қазақстан етіне сұраныс артып келеді. 6 айдың ішінде елден 27 мың тоннадан астам ет экспортталған. Басым көпшілігі негізінен ТМД елдеріне, оның ішінде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанға жөнелтілген. Соңғы уақытта біздің етке араб елдерінің де қызығушылығы артқан. Мәселен, Иран, Катар, Кувейт елдеріне 1,2 мың тонна ет сатылған. Ұлттық статистика бюросы бірінші жартыжылдықта 11% өсім тіркеген. Бұлай ет экспортының артуы отандық өнеркәсіп саласының жандануына септігін тигізеді. Мәселен, өткен алты айда елде 40 мың тоннадан астам ет өнімдері өндірілген. Саладағы көшбасшы орында Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облысының шаруалары тұр.