Үш айлық баласымен бірге күйеуі сабаған келіншектің құрсағында тағы бір сәбиі бары анықталды. Шымкенттің 53 жастағы тұрғыны бүгінде қамауда тергеліп жатыр. Бет-аузы гүптей боп ісіп, миы шайқалған келіншек енді ғана есін жиып, бөлімшеге ауыстырылды. Ал нәресте әлі жансақтау бөлімінде жатыр.