Түркістан
EN

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің түлектеріне 5000 астам грант бөлінді

88
06.08.2024

Биыл су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің түлектеріне 5 мыңнан астам грант бөлінген. Апат болған аймақтағы 20 мыңнан астам түлектің жартысынан көбі жалпы конкурс бойынша өтіпті. Өңірлерді қолдау үшін талапкерлерге конкурсқа құжаттарын тапсыру мерзімі кеңейтілген. Бұл жайында Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Сондай-ақ биыл қандастар өткен жылға қарағанда 2 есе көп грант иегері атанған. Жаңа оқу жылында 1604 этникалық қазақ еліміздің жоғары оқу орынында білім алмақ. Оған қоса министр алдағы уақытта білім гранттары негізінен инженерлік мамандықтарға көбірек бөлінуі жалғасатынын жеткізді.