Түркістан
EN

Бүтін бір ауыл карантинге жабылмақ

108
05.08.2024

Қостанай облысының Приречное ауылында ірі қара малдан Сібір жарасы анықталып, карантиндік шаралар енгізілді. Денис ауданында орналасқан ауылда нақты қанша малдың ауруға шалдыққаны белгісіз. АШМ өткен жылы Сібір жарасы еліміздің 4 облысында анықталғанын хабарлаған еді. Оның ішінде Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстары бар. Жұқпалы дерт салдарынан бір адам көз жұмған болатын. Еске сала кетейік, көктемде су тасқынынан 14 сібір жарасының қабірі су астында қалған еді. Жауапты мамандар топырақтан сынама алып, жұқпалы аурудың спорасы жер бетіне таралмағанын айтты. Ведомствода түсіндірілгендей, сібір жарасынан өлген жануарлар өртеу арқылы жойылады. Одан қалған күл бетонды саркофагта көміліп, айналасында дезинфекциялық заттар төселеді. Ауру малдың өлексесі көмілген елді мекендер қадағалауда. Сондықтан, министрлік уайымдауға себеп жоқ дейді.