Түркістан
EN

Мемлекеттік гранттан қағылғандарға әлі де мүмкіндік бар

240
05.08.2024

Тамыздың 3-і күні мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды. Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 104 мыңнан астам талапкер құжат тапсырған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға көп. Бірақ, жоғары ұпай жинаған 10 мыңнан астам түлек грант ала алмаған. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекеттік грантқа қол жеткізе алмағандарға әлі де мүмкіндік бар дейді. Мәселен, жергілікті атқарушы органдардың яғни әкімдік гранттары бар. Сондай ақ, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университетіне білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты мен Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады. "Қазақстан халқына қоры" да 850 грант бөліп отыр. Қазақ-Түрік университетінің түрік квотасына құжат қабылдау бүгін басталып кетті.