Түркістан облысында мал бордақылау ісі қарқынды. Ет экспорты бойынша өңір республикада көш басында тұр. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80% аймаққа тиесілі. Жуырда Сауран ауданында 5 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы іске қосылды. Ондағы өнімділік деңгейі қандай? Қожалықтың тыныс тіршілігі жайлы бейнематериалдан көрейік.