Түркістан облысында мақта кластері тұрақты дамып келеді. Мәселен, Сауран ауданында мақта өңдеу зауытының құрылысы қарқынды. Нысан іске қосылса, жергілікті 150 тұрғын жұмыспен қамтылады деген жоспар бар. Зауыт жылына 10 мың тонна мақта өңдемек.Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды зауыттың құрылыс барысымен танысып, өндіріске жаңа технологияларды енгізудің маңызын атап өтті. Айта кетсек, аталған зауытты салу, жаңа технологиямен қамту жобасы биыл басталып, Түркиядан инвестиция тартылған.