Ақтөбе облысында жайылым шөп уланған. Салдарынан аймақта ірі қара мал жаппай қырылып қалған. Бұл туралы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің мамандары хабарлады. Олар шөптің құрамында алкалоидтардың жоғары концентрациясы анықтады. Естеріңізге сала кетейік, шілде айында өңірдегі шаруа қожалықтары шығынға батқан еді. Сиырлар белгісіз індеттен қырылып, елді үрей билеген. Зертханалық тексерулер малдың аса қауіпті ауруларға шалдықпағанын,тек уланғанын көрсетті. Малдың бұдан әрі қырылуына жол бермеу үшін, мамандар ірі қараларға екпе салды.