Отбасын құрған жастардың қатары өскен сайын ажырасу да азаяр емес. Баласынан безген әйел де, еркек те көп. Қазіргі уақытта жауапсыз ата-аналардың баласына қарызы 14 миллиард теңгеден асып кеткен. Елімізде 13 мыңға жуық борышкер баласына өтемақы төлеуден қашып жүр. Олардың 97 пайызы ер адамдар болса, 3 пайызға жуығы – әйелдер. Әділет министрлігі өткен жылмен салыстырғанда жағдайдың жақсарғанын айтады. Қарыздың жалпы сомасы үштен бір бөлікке азайған. Дегенмен, заң жүзінде борышты өндіру шаралары қолға алынса да, көрсеткіш көңіл көншітпей тұр.