Түркістан
EN

32 млн теңгенің бидайын ұрлағандар ұсталды

118
02.08.2024

Солтүстік Қазақстан облысында 200 тонна бидайды жымқырғандардың әрекеті әшкере болды. Күдіктілер 2024 жылғы мамыр және маусым айында түнгі уақытта тіркемесі бар КамАЗ жүк көліктерімен бидайды сыртқа тасымалдап отырған. Шығын 32 миллион теңгеге жуықтады. Облыстың Полиция Департаменті жүк көліктерінің жүргізушілері мен 1982, 1985 жылдары туған екі күдіктіні, сондай-ақ көршілес Қостанай облысындағы сатып алушыларды анықтаған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің Ұрлық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық автокөлік тәркіленіп алынған. Ал күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.