Түркістан
EN

Шекарада аяқ киім кремі құтысына салынған 775 келі есірткі табылды

209
02.08.2024

Қызылорда облысының полицейлері есірткінің аса ірі партиясын тасымалдаған екі ақтөбелікті ұстады. Тәртіп сақшылары Шымкент тасжолында жылдамдық режимін бұзған Nissan Primera автокөлігі тоқтатқан. Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан үш үлкен полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті зат табылған. Сараптама жасалғанда зат 6 келіден аса кептірілген марихуана болып шықты. Күдіктілер дереу қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.