Жыл басталғалы Маңғыстауда 7 баладан менингококк инфекциясы анықталды. Оның біреуі осы аурудан көз жұмса, қалғаны ем қабылдап, сауығып шықты. Ал былтыр 2 жағдай тіркелген. Алайда бұл инфекция ересектер арасында да байқалған. Ақ халаттылар менингококк инфекциясы - әртүрлі клиникалық көріністері бар ең ауыр жедел жұқпалы аурулардың бірі екенін айтады. Алғашқы белгілері бастың қатты ауыруы, дене қызуының 39 градусқа дейін жоғарылауы, құсу. Осындай жағдайда бірден дәрігерге жүгінген жөн.