Жыл басынан бері Түркістан облысында 13 мың гектар егістік алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізілген. Яғни, түркістандық шаруалар биылдың өзінде 8,1 мың гектарға тамшылатып суару, 4,9 мың гектарға жаңбырлатып суару құрылғыларын орнатыпты. Саурандық шаруа қожалық 25 гектар алқапқа су үнемдеу технологиясын енгізіп, шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Жалпы тамшылатып суару әдісінің тиімділігі қандай?