Қар үстіне асфальт салу тоқтар емес. Алматы облысы Талғар қаласында қардың үстіне асфальт төсеу жұмыстары тұрғындардың ашуын тудырды. Олар кешкілік уақытта мердігерлердің асфальт салу сәтін телефондарына түсіріп алып, әлеуметтік желіге салған.
Желі пайдаланушылардың бұл әрекеті дұрыс деп қабылдаған Талғар ауданының басшысы бұл олқылыққа жол бергендерді жауапқа тарту керектігін айтты. Және Талғар қаласы әкімінің жауапты орынбасарына қатаң сөгіс жариялаған.