Түркістан облысында 775 үкіметтік емес ұйым бар. Олар адам құқығын қорғау, әлеуметтік мәселелерді көтеру, ана мен бала құқығын қорғау, кіші және орта кәсәпкерлікті дамыту мақсатында жұмыс істейді. Мемлекеттік істің қозғаушы негізі параметрі десек те болады. Бүгін азаматтық қоғам институттары, үкіметтік емес ұйым, кәсіподақ және қоғамдық бірлестіктері бас қосып, алдағы жоспарларын талқылады. Оған арнайы облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен Қазақстан Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева қатысты. Алдымен, аймақтың осы ұйымдар арқылы атқарылған істері баяндалды. Алдағы жоспарлап пысықталып, әр ұйым өз жұмысын таныстырды.