Аймақта сұйытылған отынға сұраныс артқан. Тұрғындар айына 15 мың тоннаға жуық сұйылтылған газ тұтынады. Бірақ, Энергетика министрлігі тарапанын бар жоғы 11 мың тонна газ берілген. Қалған қажеттілікті жеке кәсіпкерлер есебінен жеткізілуде. Әкімдік тарапынан жасалған қосымша жұмыстар нәтижесінде тағы 2700 тонна газ жеткізілген. Десе де, тапшылық бәрібір байқалуда дейді, сала мамандары. Айта кетейік, аймақта тасымалдаушы 40 кәсіпорын бар. 301 газ құятын бекет жұмыс істейді. Мамандар бекеттен қандай да бір заңсыздыққа тап болсаңыздар, бірден басқармаға хабарласуды сұрайды.