Түркістан
EN

Облыста «Абай күндері» басталды

108
01.08.2024

Қазақстандықтар 10 тамыз Абай күнін атап өтеді. Соған орай облыс орталығындағы «Фараб» әмбебап кітапханасында 10 күндік іс-шара басталып, ашылу салтанаты өтті. Онда көркем сөз үйірмесіне қатысушылар Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқып, келушілерге кітап көрмесі таныстырылды.  Ал, алдағы 10 күн бойы шара аясында оқушылар мен жастар ақынның түрлі шығармалармен танысып, қара сөздерін жаттайды. Сондай-ақ, өлең оқудан бірнеше байқау ұйымдастырылмақ.