Түркістан
EN

TazaQazBot телеграм чатына 1000-нан аса өтінім түскен

111
01.08.2024

20 күн бұрын іске қосылған @TazaQazBot телеграм чатына 1000-нан аса өтінім түскен. Оның 500-ге жуығына кері байланыс түрінде есеп берілді. Енді мамандар қалған өтінімдерге жауап дайындап жатыр. Айтуларынша, қоқыс тазалау жұмыстарына шағым түсірушілердің қарасы қалың. Айта кетейік, чатботтың мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастырып, халық пен құзырлы органдар арасында тікелей көпір орнату. Егер, жол мен саябақтың санитарлық жағдайына көңіліңіз толмаса, экранда көрсетілген кюар-кодты сканерлеп, өтінім жібере аласыз.