Бітпей қалған жолдың жыры. Түркістан қаласы Сауран мөлтекауданының тұрғындары төселмей қалған асфальт үшін наразы. Ол көшені бойлай, теміржолға барып тірелуі тиіс болған. Алайда жол құрылысы 2014 жылы тоқтап қалған. Ал тұрғындар жаздыгүні шаңнан, күз-көктемде батпақтан аяқ алып жүре алмайды.