Кемшіліктер тағы да қайталанбасын. Былтыр көмірге қатысты сапасы нашар деп мәселе болған еді. Биыл дәл сол компаниямен келісімге отырып жатсыздар. Сапасына көбірек мән беріңіздер. Осылай деген, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жылу беру кезеңіне дайындықты күшетуді тапсырды. Бүгінде өңірде жылумен қамтамасыз ету бойынша 7 кәсіпорын қызмет етеді.