Солтүстікқазақстандық полицейлер жерлестерін шығынға батырып, алаяқтық жасады деген күдіктіні қолға түсірді. Тайынша қаласының 30 жастағы тұрғыны екі жылға жуық уақыт кәсібін дамытуға ақша керек деп, ауыл азаматтарынан 140 миллион теңге жинап алған. Ол елдің бәрін өзінің ауыл шаруашылығы саласында бизнесі бар екеніне сендіріп, тамыр-таныстарынан сол кәсібін дамытуға несие алып беруді сұрап отырған. Ауылдастары оның айтқанына сеніп, мобильді қосымша арқылы несие рәсімдеп, қаржыны сезікті көрсеткен шотқа аударған. Алайда уақыт өте келе пысықай ақшаны сол күйі қайтармайды. Бүгінде де ол алаяқтықтың 16 эпизоды бойынша тергеліп жатыр.