Түркістан
EN

Ертай Алтаев зиялы қауым өкілдерімен кездесті

127
31.07.2024

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Басқосу жиынына өңірдегі бір топ зиялы қауым өкілдері мен мәдениет, спорт саласында жүрген белсенділер қатысты. Ондағы мақсат – облыстың идеологиялық саладағы даму жолын талқылау. Кездесу барысында Ертай Кенжебекұлы индустриялық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да қатар дамуымыз керек екенін айтып, жиналғандарды бірлесе жұмыс істеуге шақырды.