Түркістан
EN

Кентаудағы жылу энерго орталығын жөндеу жұмыстарын тексерді

79
31.07.2024

Кентау қаласындағы №5 Жылу энерго орталығын қайта құру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Стратегиялық маңызы бар нысанда атқарылып жатқан әр жұмыс облыс әкімі  мен құзырлы органдар басшыларының тікелей бақылауына алынған. Қазандықтарды қайта қалпына келтіру жұмыстары бекітілген кестеге сай, үздіксіз жүруде. Нысан басында екі ауысымда 180 адам жұмыс істеп жатыр. №8 және 11 қазандықтардың жылу-механикалық жұмыстары толықтай дерлік аяқталды. №9 қазандықта монтаждау жұмыстары 58%-ға, ал №10 қазандықта 75%-ға орындалды. №7,12 қазандықтарда бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Енді №7 қазандықтың тиісті бөлігін бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар қазіргі уақытта 6 қазандыққа арналған түтін құбыры орнатылуда.