Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Жаңа Жібек жолы»- ның құрылтайшысы Нұртай Шаяхметпен кездесті. Сонымен қатар қабылдауға келген шетелдік инвесторлармен келіссөз жүргізді. Облыс әкімі өндіріс орнын ашып, ауыл шаруашылығында жаңа технология енгіземін дейтін азаматтарға қолдау көрсететінін жеткізді. Үшқайық ауылдық округінде су үнемдеу техногияларын пайдалана отырып жоғарғы сортты мақта дақылын өндіру көзделген жоба құны – 1,5 млрд. тенге. Жер көлемі – 1000 га, іске асыру кезеңі – 2024-2025 жылдар аралығы, мұнда 30 адам жұмыспен қамтылады. Екінші жоба – Шорнақ ауылдық округінде су үнемдеу техногияларын пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін дамыту. Жоба құны – 500 млн тенге, Мұнда 200 га жерге тұқымдық мақта, 200 га жерге тәтті жүгері және 118 га жерге ащы бұрыш егу көзделген. Сонымен бірге Ескі Иқан ауылдық округінде замануи технологиялар қолданылған мақта өңдеу зауытын салу көзделген. Жоба жүзеге асса, 120 адам жұмыспен қамтылады.