Түркістан
EN

Адам саудасы азаймай тұр

94
30.07.2024

Бүгін - Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні. Айта кетейік, оған жеңіл жүріске тарту, қайыршылық сұрауға мәжбүрлеу, заңсыз бала асырап алу, адам ағзаларын заңсыз алу сынды фактілер жатады. Түркістан облысында да бұған қатысты дерекетер азаймай тұр. Биылдың өзінде 10 дерек тіркелген. Оның ішінде 8 жайт жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру. Жедел-профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде жезөкшелікпен айналысуға орын ұсынған 29 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 3 жеңгетай, 42 жеңіл жүрісті қыз есепке алынған. Сондықтан, аймақтың полициялары мен еріктілер қоғамдық орындарды аралап, тұрғындарға адам саудасынан төнетін қауіпті түсіндірді. Арнайы кітапша таратты. Қандай да бір адам сату жағдайына кезіксеңіз 102 немесе 116 16 нөмірлеріне хабарлассаңыз болады.