Кез-келген тұрмысқа қажетті құралды, тіпті балаға ойыншық аларда кәсіпкерден тауардың техникалық қауіпсіздігін растайтын құжат сұрау керек. Әйтпесе, жарылу немесе улану сынды түрлі жазатайым жағдайлар орын алуы мүмкін. Ал, оған тікелей кәсіпкер жауапты. Сауда және интеграция министрлігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мамандары бүгін осындай мәлімдеме жасады. Олар аймақта әсіресе құрылыс материалдарының сапасы сын көтермей, техникалық рагламенттен өтпей жататынын қоса кетті. Қарапайым ғана мысал, Департамент өкілдері базардағы таразыларды тексеріп көрген. Нәтижесінде, аймақтағы 35 сауда орындарының тек 4-еуінің ғана таразылары метрологиялық талапқа сай келген.