Ақмола облысындағы газ баллоны жарылысынан зардап шеккен 10 жасар қыз ауруханада көз жұмды. Ол елордалық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген еді. Денесінің 60 пайызын термиялық күйік шалып, бала комаға түскен. Жүргізілген емдеу шараларына қарамастан оны құтқару мүмкін болмады.