Түркістан облысында апатты мектептердің мәселесі шешілуде. Бүгінде ескірген 4 білім ордасының құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін оның үшеуі пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, биыл үш ауысымды мектептерге қажетті ғимараттар салынып бітеді деп жоспарлануда. Бұл туралы әкім аппаратының апталық мәжілісінде облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетов айтты.